🔰Мен – қазақ жерінде ғасырлар бойы тату-тәтті ғұмыр кешіп келе жатқан этностың бір өкілімін. Біздің халқымыздың жүрегіне ең қымбат ұғым – татулық. Өйткені татулық бар жерде тыныштық орнайды, бірлік бар жерде береке артады. 🔷Тарих беттерін парақтасақ, Қазақстанды мекендеген әртүрлі этностар қиын-қыстау кезеңдерді бірге еңсеріп, тағдырдың талай сынағынан сүрінбей өтті. Бізді біріктірген – ортақ мүдде, ортақ Отан. Қиын сәттерде қолдау көрсетіп, қуанышта бірге шаттану – татулықтың шынайы көрінісі. 🔷Әр этнос өз мәдениетін сақтап қана қоймай, қазақтың салт-дәстүрін қастерлеп, бір-бірінің құндылықтарын құрметтеуді үйренді. Бұл – біздің елдегі бейбіт өмірдің басты кепілі. Әлем елдері Қазақстанды достық пен татулықтың мекені деп тануы – осының дәлелі. 🔷Татулық – жай ғана сөз емес, ол – күнделікті өмірде сезінетін бауырмалдық, бір-біріне деген қамқорлық. Біз бір шаңырақ астында өмір сүріп, түрлі тілде сөйлесек те, жүрегіміз бір Отан деп соғады. 🔷Сондықтан әрқайсымыз татулықты көздің қарашығындай қорғап, жас ұрпаққа өнеге етуіміз қажет. Өйткені татулық бар жерде – тұрақтылық, ал тұрақтылық бар жерде – даму мен өркендеу болады. 🖍️Асабали Поилиев, Жамбыл облыстық “Хазар” Әзірбайжан ЭМБ төрағасы