🔰Тату елде дау аз, береке мол болады. Қазақтың «Тату елге тоқшылық қонады» деуі сондықтан.Осы сөздердің шынайы көрінісін Шу ауданынан көруге болады. Бұл өңірде сан түрлі этнос өкілдері өмір сүрсе де, бәрі бір үйдің баласындай сыйласып, ынтымақпен тіршілік етеді. Ауыл мерекелері, сенбіліктер, ортақ бастамалар – аудан халқының бірлігін арттырып, татулығын нығайтып келеді. Қуанышта да, қиын сәттерде де жұртшылық бір-біріне қол ұшын созып, ауызбіршіліктің үлгісін көрсетіп жүр. 🔷Бүгінгі жаһандану дәуірінде бірлік пен татулықтың мәні тіпті арта түсті. Ақпарат ағымы тез, өзгеріс көп заманда ішкі тұрақтылығын сақтаған ел ғана өркендей алады. Қазақстан – жүзден астам этнос өкілі бейбіт өмір сүріп жатқан мемлекет. Бұл – біз мақтанатын ең үлкен байлығымыз. Әлемнің түрлі аймақтарында этносаралық жанжалдар орын алып жатқанда, біздегі тыныштық – нағыз жетістік. Шу ауданындағы тату тірлік – осы жетістіктің жергілікті көрінісі. Бірлікті сақтау – тек биліктің міндеті емес, әр азаматтың борышы. Ол отбасындағы сыйластықтан басталып, көршілермен, әріптестермен тату қарым-қатынаста жалғасады. Егер әр шаңырақта түсіністік орнаса, бүкіл елде бейбітшілік орнайды. Шу халқы осыны ісімен дәлелдеп келеді. Сондықтан бірлік пен татулық – елдің қуаты ғана емес, болашағының кепілі. Бірлікті сақтасақ – ел мықты, татулықты сақтасақ – жер тыныш. «Бірлігі жарасқан ел – мықты, татулығы тұрақты ел – бақытты» деген сөз әр жүректе жаңғырып тұруы керек. 🖍️Шу «Ахыска» түрік этномәдени орталығының жетекшісі Алиев Умар Тайфурович