«Бақытты отбасы – бақытты ел»

0

Қазақстан Республикасы бойынша 2025 жылдың 27 тамызы мен 10 қыркүйегі аралығында отбасы институтын нығайту, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және салауатты отбасылық құндылықтарды насихаттау мақсатында «Бақытты отбасы – бақытты ел» атты республикалық акция ұйымдастырылуда.

Аталған акция аясында Қордай ауданында мазмұнды семинар өткізілді. Іс-шараға аудандық мәслихат депутаттары, салалық мамандар, медицина қызметкерлері, жастар ұйымдарының өкілдері мен белсенді жастар қатысты. Семинар барысында бірнеше өзекті тақырыптар қозғалды. Атап айтқанда психолог Арайлым Бердалиева «Жастар мен суицид: сигналдарды көріп, көмектесу тәсілдері», мейірбике Мейрамкүл Толбаева «Ерте жүктіліктің алдын алу және денсаулық сақтау мәдениеті», Әлеуметтік қызметкер Рано Умаралиева «Буллингтің алдын алу – қоғамның ортақ міндеті» атты баяндамаларын ұсынып, өз тәжірибелерімен бөлісті.

Іс-шара барысында тақырыпқа сай бейнероликтер көрсетіліп, қатысушылар арасында ашық пікір алмасу ұйымдастырылды. Жастар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, нақты әрі кәсіби жауаптар алды.

Семинар соңында «Қордай аудандық тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету орталығының» директоры Шолпан Бейсенбаева «Отбасындағы зорлық-зомбылық және оны болдырмау жолдары» тақырыбында баяндама жасап, қоғамның ең басты ұясы – отбасының қауіпсіздігі мен тұрақтылығы үшін әрбір азаматтың жауапты екенін атап өтті. Сондай-ақ, барлық қатысушыларға белсенділігі үшін алғысын білдірді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.