Ауылдық округтерде кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, олардың қараусыз және панасыз қалуының алдын алу, сондай-ақ жасөспірімдердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында құрылған жұмысшы топ өз жұмыс алгоритміне сәйкес кешенді шаралар жүргізуде.
Осы бағытта «буллинг, «кибербуллинг» және «Ерте жүктіліктің алдын алу» тақырыптарында №5 Қ.Сәтпаев атындағы орта мектебінің жоғары сынып оқушыларымен арнайы профилактикалық кездесу өтті.
Жиын барысында жасөспірімдердің әлеуметтік ортадағы мінез-құлқы, интернет кеңістігінде жиі кездесетін тәуекелдер, зорлық-зомбылық пен құқық бұзушылықтың алдын алу жолдары жан-жақты талқыланды. Сондай-ақ, ерте жүктіліктің салдары, оның жасөспірімнің денсаулығы мен болашағына тигізер кері әсерлері туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Мұндай іс-шаралар өскелең ұрпақтың құқықтық сауаттылығын арттыруға, олардың бойында жауапкершілік пен құқықтық мәдениетті қалыптастыруға ықпал етеді. Жастардың қауіпсіз ортада тәрбиеленуі – қоғамның ортақ міндеті.