Қазақстан Республикасындағы тiл туралы Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шiлдедегі № 151 Заңы қабылданып, бұл занның ең басты мақсаты Мемлекеттiк, мемлекеттiк емес ұйымдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының қызметiнде тiлдердi қолдануға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастар осы Заң реттейтiн мәселе болып табылады.
Осы занның 4-бабына сәйкес, Мемлекеттiк тiл – мемлекеттiң бүкiл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттiк басқару, заң шығару, сот iсiн жүргiзу және iс қағаздарын жүргiзу тiлi болып келеді.
Сот жүйесіне келетін болсақ, мемлекеттік тілдің қолданылуы, ол осы занның 13-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасында сот iсi мемлекеттiк тiлде жүргiзiледi, ал, қажет болған жағдайда, сот iсiн жүргiзуде орыс тiлi немесе басқа тiлдер мемлекеттiк тiлмен тең қолданылады.
«Сот ісін жүргізу тілі қағидатын қолданудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2016 жылғы 22 желтоқсандағы № 13 Нормативтік қаулысы қабылданып, бұл қаулыда сот ісін жүргізу тілі қағидатын қолдану сот процесіне қатысушы адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етудің құқықтық кепілі болып табылады делінген.
Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі – АПК) 14-бабының талаптарына сәйкес сот ісін жүргізу тілі сотқа талап қою арызы (арыз) берілген тілге байланысты сот ұйғарымымен белгіленеді.
Сонымен қатар іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу мәселесі әрдайым бақылауда, ресми құжаттар тек қана мемлекеттік тілде, ал аудармасы ғана орыс тілінде жазылады.
Сотқа келіп түскен талап арыздардың орыс тілінде түсуі, ол жергілікті халықтың этникалық құрамына байланысты, соттарда мемлекеттік тілде қаралатын істердің санына әсер етеді.
Қазақ тілі ол біздің анамыздың тілі, рухани тірегіміз, сондықтан да мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту ол біздің парызымыз.
Мемлекеттік тілді жеттік біліп қана қоймай, мемлекеттік тілдегі сот актілерінің сапасына көңіл бөлу қажет, соған байланысты қазақ тілін үйрену курстары ашылып, онда сот мамандары мемлекеттік тілді үйренуде, бұл курстарға судьяларда қатысуда, қуантарлық жағдай ол сот жүйеміздегі жұмыс атқаратын басқа да ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілді үйренуге деген құлшынысы.
Е.Ілиясов, Қордай аудандық сотының төрағасы