ҚАЙНАРДАҒЫ МӘДЕНИЕТ МӘЙЕГІ

0

Қайнар ауылының мәдениет ошағында домбыра, хореография, вокал үйірмелері бар. Қысқасы, ауылда мәдениет саласы дамып, салт-дәстүрлер жаңғырып, жұмыс жаңа форматта жүргізілуде. Мәдениет үйі ауыл тұрғындарының бос уақытын тиімді өткізетін кездесу орнына айналған.

Былтыр мәдениет үйі табиғи газ желісіне қосылды. Бұл мақсатта нысанның жылыту жүйесі қайта жабдықталып, жаңартылды.

Тәуелсіздік жылдары өз мектебі мен амбулаториясы бар, ауыз су және газбен қамтылған Қайнар ауылында ел игілігіне бағытталған бірқатар жұмыстар атқарылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.