ДИОДТЫ ШАМДАР САМАЛЫ

0

Сарыбұлақ ауылында тұрғындардың қолайлы өмір сүруі үшін көптеген әлеуметтік маңызды мәселелер шешілуде. Ауылға газ жүргізіліп, таза ауыз су кіріп, тұрғындарға қолайлы жағдай жасалған. Сонымен бірге көшелерді жарықтандыру мәселесі де шешілуде. Мәселен, жуырда ауылдың Жосалы, Жаңа күш, Атамекен көшелеріне жарықдиодты шамдар орнатылды. Заманауи энергия үнемдеуіш лампалар тиісті сапа стандарттарына сай келеді.

-Біздің ауыл аудан орталығынан еш кем емес, су да, газ да бар, түнгі уақытта көшелеріміз жап-жарық. Туған ауылымыздың көркейіп жатқанын көріп қуанып жатырмыз, — дейді ауыл тұрғындары.

Расында, Сарыбұлақ ауылы жыл өте көркейіп, ажары ашылып келеді. Мұнда көшелерді жарықтандыру жұмыстары әлі де жалғасын таппақ.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.