«ТАЛҚЫЛАЙЫҚ» КІТАП ТАЛҚЫ КЛУБЫ

0

Қордай аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесіне қарасты балалар мен жасөспірімдер кітапханасында жаңа жобаның басталғанын қуана хабарлаймыз. Оқырмандардың рухани әлемін байытып, кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында «Талқылайық» атты  кітап талқы клубы өз жұмысын бастамақ.

 

Клуб аясында қатысушылар таңдаулы шығармаларды бірге оқып, пікір алмасып, ой өрісін кеңейтуге мүмкіндік алады. Бұл – кітапсүйер қауым үшін жаңа достар тауып, ортақ қызығушылық төңірегінде біріккен тамаша алаң болмақ.

Өтетін уақыты: 15–17 қазан аралығында. Сағат-15:00. 

 Өтетін орны: аудандық Мәдениет үйінің сол жақ қанатында орналасқан

«Балалар мен жасөспірімдер кітапханасы»

Байланыс телефоны: 8 776 619 74 60

 

Дилназ Баянбаева, Қордай аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесіне қарасты «Балалар мен жасөспірімдер кітапханасының» әдіскері

Leave A Reply

Your email address will not be published.