Гвардейск гарнизонының әскери бөлімдерінде әскери қызметшілердің мамандығы бойынша жеке дайындық сабақтары өтуде.
Мамандық бойынша жеке дайындық сабақтары – жауынгерлік әзірліктің деңгейін көтеру және әскери қызметшілердің мамандықтары бойынша білім сапасын арттыру мақсатында бөлімшелер бойынша дайындық сабақтарының Мамандық бойынша жеке даярлық сабағы өтуде бағытталған.
Әскери бөлімдердің аумағында арнайы оқу орындары орналастырылып, офицерлер мен сержанттар құрамынан сабақ жетекшілері тағайындалды.
— Мамандық бойынша сабақтар сапалы өткізілуде. Жеке құрам мамандық бойынша топтарға бөлінді. Әр әскери қызметші өз мамандықтары бойынша білім алуда. Мамандық бойынша өткізіліп жатқан сабақтар алда болатын оқу жаттығуларда оң нәтиже көрсететініне сенім артамын, — деді бөлім командирінің орынбасары гвардия подполковнигі Жасұлан Әбеков.
Сабақтар маусым айының соңына дейін жалғасады. Мамандық бойынша жеке дайындық сабақтары аяқталғаннан кейін, жеке құраммен бөлімшелер бойынша дайындық сабақтары өткізілмек.
Гвардейск гарнизоны баспасөз қызметінің бастығы майор Жомарт Тажиханов