СТУДЕНТТЕР МЕН ОҚУШЫЛАР НЕНІ БІЛУ КЕРЕК?

0

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Жамбыл облысы бойынша филиалының халықты ақпараттандыру және арыз-шағымдарды қарау бөлімінің басшысы Дәурен Бурханов облыс ортылығындағы М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті мен Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің студенттерімен кездесіп, міндетті әлеуметтік сақтандыру қорының жұмысы туралы кеңінен түсіндіріп, МӘМС жүйесі жайлы студент жастар нені білу керегін түсіндірді.

 

«МӘМС туралы» Заңына (26-баптың 1-тармағының 13-тармақшасы) сәйкес орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында білім алып жатқан адамдар мемлекет есебінен сақтандырылған және МӘМС пакетінде көрсетілетін медициналық қызметтерге қол жеткізе алады.

Тіпті күндізгі бөлімде оқитын мемлекеттік және жеке ұйымдарда жұмыс істейтін студенттері үшін МӘМС – ке аударымдар мен жарналар ұсталмайды.

Сондай-ақ, шетелде оқитын студенттер eGov порталында («Шетелде оқитын студенттер») тіркелуі қажет. Сол кезде олар да МӘМС жүйесінен босатылады.

Алайда студент оқуын аяқтаған соң Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына ақша аударуға міндеттеледі.

Жиын соңында студенттер спикерге толғандырған сұрақтарын қойып, МӘМС жүйесі шеңберінде қандай медициналық көмектер алуға болатынын білді.

Ал, оқушылар МӘМС жүйесінде автоматты түрде сақтандырылған, яғни олар үшін жарналарды мемлекет төлейді. Сондықтан олар кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемінде де, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеті аясында да барлық қажетті медициналық қызметтерді ала алады.

Оқушыларға медициналық қызметтер мектеп орналасқан аумаққа тиесілі емхана арқылы көрсетіледі. Мектептердегі медициналық пункттер оқу жылы барысында балаларды бақылап, уақтылы медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік береді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.