КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫ ЖАҢА БАСПАНАҒА ИЕ БОЛДЫ

0

Қордай ауданында әлеуметтік қолдау шаралары аясында көпбалалы анаға тұрғын үй кілті табысталды. Бұл игі іс аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес жүзеге асып, жергілікті әкімдік пен демеушілердің бірлескен қолдауымен ұйымдастырылды.

 

Алты баланы жалғыз өзі тәрбиелеп отырған Мадина Молотова Қордай ауылынан жаңа баспананың кілтін ресми түрде алды. Бұған дейін ол Қордай ауданының әкімі Бегзат Болатбековтың жеке қабылдауында болып, өзінің әлеуметтік жағдайы мен баспана мәселесін жеткізген болатын.

Әкімдік өкілдерінің айтуынша, көпбалалы ананың өтініші назардан тыс қалмай, мәселе қысқа мерзімде шешімін тапқан. Демеушілердің қолдауымен тұрғын үй толықтай жиһазбен және тұрмыстық техникамен жабдықталды.

— «Бұл — мемлекет пен қоғамның қолдауының нақты көрінісі. Біз үшін ең бастысы – осындай отбасылардың әл-ауқатын арттыру, балалардың бақытты өмір сүруіне жағдай жасау», — дейді Қордай ауылдық округінің әкімі Әділет Қаспақбаев.

Жаңа баспанаға қоныстанған жан жергілікті билік пен демеушілерге ризашылығын білдіріп, балаларының қуанышын жасыра алмады.

Қордай ауданында әлеуметтік әлжуаз топтарды қолдау бағытында жұмыстар жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Соңғы жылдары ондаған отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етілді, ал алдағы уақытта мұндай игі шаралар жалғасын таппақ.

Leave A Reply

Your email address will not be published.