Астанада «Мерейлі отбасы – 2026» ұлттық байқауының жеңімпазы атанған 20 отбасы марапатталды

0

Астанада «Мерейлі отбасы – 2026» ұлттық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Байқауда еліміздің әр өңірінен адал еңбегімен және ұрпақ тәрбиесіндегі өнегесімен көпке үлгі болған 20 отбасы жеңімпаз атанды.

 

Салтанатты жиынның құрметті қонақтары қатарында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшелері, Құрылтай, Қазақстан Халық Кеңесі, Аналар кеңесі мен Әкелер одағының өкілдері және белгілі қоғам қайраткерлері болды.

 

Жеңімпаздарды Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаев құттықтап, өз сөзінде отбасының рухани құндылықтарды сақтаудағы және ел келешегін қалыптастырудағы айрықша орын алатынына тоқталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.