ҮШ СҰРАҚ ТАЛҚЫҒА ТҮСТІ

0

Қордай аудандық Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы 21 қазанда өтіп, күн тәртібіне сәйкес бірнеше мәселе талқыланды. Кеңес төрағасы Нұржан Молдабековтың жүргізуіндегі жиында бірінші болып ауданда үйлесімді қоғамдық қатынастарды дамыту, елімізде тұратын барлық этностар арасында қазақ халқының тілін, тарихын, дәстүрлерін, гуманитарлық және адамгершілік қағидаттарын танымал етуге ықпал жасау жөніндегі атқарылған

жұмыстар туралы мәселе қаралды.

 

Бұл мәселе бойынша зерделеу нәтижелерімен кеңестің «Қоғамдық құқықтық тәртіпті сақтау, азаматтардың құқықтарын қорғау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, әлеуметтік-мәдени салалар және қоғамдық, үкіметтік емес ұйымдармен байланыс мәселелері жөніндегі» комиссия төрайымы Мадина Аманбаева таныстырды.

Ауданда абаттандыру және санитарлық тазалық жұмыстарының орындалуы туралы көтерілген екінші сұрақ бойынша кеңестің «Аграрлық саясат, табиғатты және жер ресурстарын пайдалану, техногендік үдерістер, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту, кәсіпкерлікті дамыту мәселелері жөніндегі» комиссия мүшесі Еркін Әбілдаев баяндама жасады.

Сондай-ақ, аудан әкімінің өкімі мен Жамбыл облысының прокурорының хатына сәйкес құқықбұзушылықтың алдын алу, оған қоғамды кеңінен тарту және кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың профилактикасы туралы мәселе аясында «Қоғамдық құқықтық тәртіпті сақтау, азаматтардың құқықтарын қорғау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, әлеуметтік-мәдени салалар және қоғамдық, үкіметтік емес ұйымдармен байланыс мәселелері жөніндегі» комиссия төрағасы Бейқұт Жамангозов баян етті.

Баяндамашылар көтерген сұрақтар төңірегінде жауапты тұлғалар сол жерде нақты жауаптарын берді.

Сонымен қатар кеңес отырысында әртүрлі мәселелер қаралды. Атап айтқанда, аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының кіріс көздерін есепке алу мониторингі мен жоспарлы кірістің орындалуын зерделеу, сондай-ақ аудандағы жастар ұйымдарымен жүргізіліп жатқан жұмыстарды талдау бойынша міндеттер комиссия мүшелеріне жүктелді.

Сондай-ақ, жиында қаралған үш сұрақ бойынша Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңының 16-бабының 3-тармақшасына сәйкес Қоғамдық кеңес тиісті шешім қабылдады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.