ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ҚОРДАЙ АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫ ҚАУЛЫ

0

«22»  қазан  2025 жыл                          №13

Қордай  ауданы  Қақпатас және Қарасай ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 8-1) тармақшасына,  113-1 бабының

1-тармағына сәйкес Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. 2025 жылғы 30 қарашаға Қордай ауданы Қақпатас және Қарасай ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы тағайындалсын.
  2. 2025 жылғы 30 қарашаға тағайындалған Қордай ауданы Қақпатас және Қарасай ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары осы қаулының №1 қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  3. Осы қаулы Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында және аудандық «Қордай шамшырағы» газетінде жариялансын.

Төраға                                                              А.Сырлыбаев

 Хатшы                                                           Г.Ниязгулова

Қордай ауылы, 22 қазан 2025 жыл №13

Leave A Reply

Your email address will not be published.