Патриотизмге тәрбиелеп, дәстүрлерді сақтау үшін

0

«Жігіт сұлтаны» аудандық байқауы отансүйгіштікті қалыптастыруға, ұлттық құндылықтарды, дәстүрлі тәрбиені насихаттауға, қазақ халқының әдет-ғұрпы мен мәдениетін сақтауға бағытталған. Оның қатысушылары Ұлы дала жігіттерінің ең жақсы қасиеттерін көрсетеді: төзімділік, күш, ептілік және талант.

Сәрсенбінің сәтті күні «Ұлттық мұра» жобасы аясында Ұлы жеңістің 80 жылдығы және Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толуына орай аудан әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің, «Қордай аудандық мәдениет үйі және тарихи-өлкетану музейінің» ұйымдастыруымен аудандық «Жігіт сұлтаны» байқауы жоғары деңгейде өтті.

Байқаудың мақсаты – ата салтын насихаттай отырып, нағыз қазақ жігітінің бойындағы қасиеттерімен таныстыру, әр ер азаматтың бойындағы ойлау, әртүрлі жағдайлардан шыға білу, өнерін көрсету, тапқырлық, сахна мәдениетін қалыптастыру сияқты дағдыларын дамыту және жігіттердің бойындағы өнер мен таланттарын шыңдау болып табылады.

Байқау төрт кезеңнен тұрды, олардың әрқайсысы қатысушылардың ең жақсы қасиеттерін көрсетуді көздейді. Бірінші кезең — «Мен қазақтың жігітімін». Бұл кезең қатысушының презентациясы, яғни өзін, отбасы және туған ауылы жайлы баяндады. Өзін-өзі таныстырудың маңызды элементі әр қатысушы алдын-ала дайындаған бейне болды. Екінші кезең – «Сегіз қырлы, бір сырлы» деп аталды. Бұл кезеңде қатысушылар өздерінің шығармашылық қабілеттерін әртүрлі өнер жанрларында көрсете білді: вокал, би, театрландырылған қойылым және т.б. Бұдан соң Бауыржан Момышұлының шығармаларынан үзінді оқу немесе көрсету болды. Бұл кезең қазақтың ұлы жазушысы мен әскери қолбасшысын еске алуға арналды. Қатысушылар оның идеялары мен құндылықтарын көрсете отырып, оның шығармаларынан үзінді оқуы немесе көрсетуі керек еді. Төртінші кезеңде – көкпар муляжын іліп алу болды. Бұл кезең дәстүрлі қазақ ойындарын еске түсіре отырып, қатысушылардың дене күші мен төзімділігін көрсетті.

Бас жүлде және «Жігіт сұлтаны» атағы үшін 10 жас жігіт бақ сынасты. Дәстүрлі байқау өзін ұлттық құндылықтарды насихаттаудың көрнекті және тиімді әдістерінің бірі ретінде көрсетті, деп санайды ұйымдастырушылар. Байқаудың әр кезеңі қатысушылардың талантының әр түрлі қырларын ашқаны рас. Өзін және туған ауылын поэзия түрінде көрсетуден бастап, ән, би және өлең оқудағы көркемдік қабілеттерін паш етуге дейін сайыскерлер өздерін танытты. Бірінші кезеңде қатысушылар өздерін және ауылдарын поэзиялық түрде таныстырып, көрермендерді өздерінің шынайылығымен және Отанға деген сүйіспеншілігімен баурап алды. Екінші кезең нағыз таланттар мерекесіне айналды. Қарасу ауылының тұрғыны Аймар Мырзахан көрермендерді «Қара жорға» атты қазақ халық биін орындаумен баурап алса, Қарасай батыр ауылының тұрғыны Рүстем Амантай тыңдаушылардың жүрегін әсем әнмен, Жамбыл ауылының тұрғыны Рауан Жұбатқан өз өлеңінің әсемдігімен таң қалдырды, ал Масанчи тұрғыны Есімжан Тоқтобек «Алға, Қазақстан» патриоттық әнімен шабыттандырды. Жамбыл ауылынан келген Замир Көмекбай домбырада күйді шебер орындады, Бетқайнардан Манарбек Рамазанов Бауыржан Момышұлына арналған жыр жолдарын керемет оқып, Степное ауылынан Мейрамбек Ақбай нәзік «Вальс» биін биледі, Қайнар ауылынан Байсалбек Артыхбаев гитарамен ән шырқады, Жамбыл ауылының өкілі Тілеген Сәрсенбаев «Байқұс бала» өлеңін оқып, Кененнен келген Ералы Төлеуов заманауи биді жігерлі орындады.

Байқау нәтижесі бойынша үшінші орынды Манарбек Рамазанов пен Рауан Жұбатқан, екінші орынды Ералы Төлеу және Дамир Ерімбетов, бірінші орынды Мейрамбек Ақбай иеленді. Ал бас жүлдені жеңіп алған байқаудың гран-при иегері Тілеген Сәрсенбаев болды.

Барлық жеңімпаздар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды, ал әрбір қатысушыға алғыс хат табысталды. Байқауды ұйымдастырушы, аудандық мәдениет үйінің қызметкері Ғалия Иманбаева қатысушылардың жоғары дайындық деңгейін атап өтіп, байқау қазақ халқының мәдени құндылықтарын сақтауға және одан әрі насихаттауға ықпал ететініне сенім білдірді.

Мадина УЗБЕКОВА

Leave A Reply

Your email address will not be published.