МЕКТЕПТЕГІ МЕРЕКЕЛІ ШАРА

0

№1 Дінмұхамед Қонаев атындағы мектеп гимназиясында дәстүрлі күзгі жәрмеңке өтті. Бұл шараға оқушылар, ата-аналар мен ұстаздар белсенді түрде қатысты.

Жәрмеңке барысында балалар өз қолдарымен жасаған тағамдары мен тәттілерін ұсынды. Ата-аналар да бұл шараға қатысып, өз өнімдерімен қолдау көрсетті.

Мектеп ұстаздары ұйымдастырған әртүрлі ойындар оқушылардың шығармашылығын танытуға, командалық жұмыс қабілеттерін дамытуға және сонымен қатар көңілді атмосфера қалыптастыруға бағытталды. Балалардың қуанышы мен әрбір ойынның қызықты сәттері жәрмеңкенің көркін арттырды.

Бұл іс-шара тауар сатудан бөлек, ұлттық дәстүрлерді насихаттау, патриотизмді дамытуға, оқушылардың қаржылық сауаттылығын арттыруға арналды. Сондай-ақ, мектеп директоры Назира Танабекова жәрмеңке барысында барлық қатысушыларға алғыс айтып, мектеп өміріне атсалысып, шараға қолдау көрсеткен ата-аналар мен қамқоршылық кеңес мүшелерінің еңбегін атап өтті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.