РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫ БЕЛСЕНДІ ҚОЛДАУ ТАБУДА

0

Мемлекет басшысының бастамасымен іске асырылып жатқан «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында Қордай ауданында абаттандыру және тазалық жұмыстарын жүргізу бойынша ауқымды шаралар жалғасуда.

Қордай ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы кәсіпорны» КМК қызметкерлері аудан елді мекендерінің көшелеріне шығып, өңірді бұрынғыдан да таза әрі жайлы етуге өз үлестерін қосуда. Акцияның мақсаты – туған жердің эстетикалық келбетін жақсарту ғана емес, сонымен қатар қоршаған ортаға деген жауапкершілік пен тазалық мәдениетін қалыптастыру.

Бір топ қатысушылар қоқыс пен түскен жапырақтарды жинаса, екіншілері қураған бұтақтарды кесумен айналысып, үшіншілері жаңа ағаштар отырғызып, ауданның көгалдандырылуына үлес қосып келеді.

Әр көше мен әрбір саябақ ерекше бақылауда. Әрбір учаскеге тазалық пен тәртіпті қадағалайтын жауаптылар бекітілген. Қордай ауданында «Таза Қазақстан» акциясы жоғары деңгейде өтіп жатыр: коммуналдық шаруашылық ұжымы өздерінің үлгісімен тазалық – тәртіптің айнасы, ал табиғатты қорғау әр адамның өзінен басталатынын дәлелдеп отыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.