ҚОРДАЙ АУДАНЫНЫҢ ЗИЯЛЫ ҚАУЫМ ӨКІЛДЕРІНІҢ ТОЙ МӘДЕНИЕТІ ЖӨНІНДЕ ӨТКІЗГЕН ФОРУМЫНЫҢ ҮНДЕУІ МЕН ҚАУЛЫСЫ

0

Қордай ауылы                      13 қараша 2025 жыл

Құрметті аудан тұрғындары!

Жақында Тараз қаласында облыстық ардагерлер кеңесі мен Жамбыл облысы әкімдігінің Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының «Шерхан Мұртаза атындағы руханият және тарихтану» орталығының ұйымдастыруымен осы той мәдениетіне қатысты үлкен Форум өтті. Форумда той өткізу мәдениетін тәртіпке келтіру бойынша облыс ардагерлері, кәсіпкерлер, асабалар бір ауыздан қолдап, Үндеу қабылдады. Қоғамдағы той мәдениетін өткізудегі келеңсіз жағдайларды түзету үшін бүгінгі Форум төмендегідей Үндеу  және Қаулы қабылдады:

 ТОЙ ИЕЛЕРІНЕ:

  1. Тойды мүмкіндігінше күндіз және спирттік ішімдіксіз өткізу.
  2. Тойды уақытында бастау. Басталуын кешкі 18:00-ден асырмау.

Аяқталуы – 23.00-де.

  1. Той иелері, асабалар, әншілер той басталудан 1 сағат бұрын тойханаға келіп, қонақтарды қарсы алу, құттықтауларын, сыйлықтарын алу, суретке түсу, т.б.
  2. 15-20 адамды ортаға шығарып құттықтаулар айтқызбау.
  3. Асабалар, әншілер таңдауда сырттан қымбат жұлдыздарды таңдамай жергілікті асабалар мен әншілерге жол беру.
  4. ТОЙХАНА ИЕЛЕРІНЕ:
  5. Той иелерінен ауызша немесе жазбаша, тойдың уақытында басталуы және аяқталуы туралы келісімге отыру.
  6. Тойдың басталуы мен аяқталуын өз басымен тікелей қадағалау.
  7. Той үстінде тәртіпсіздікті болдырмау.

 III. АСАБАЛАРҒА:

  1. Той өткізу тәртібін Ұлттық рухани жаңғыруы мен ұлттық болмысын сақтау жолында қазақи салт-дәстүрлеріміздің тәрбиелік мәнін дәріптей отырып, жас ұрпаққа бағыт-бағдар беру, отбасын нығайту, той мәдениетін заманауи    талаптарға сай өткізу.
  1. Тойда ұлттық музыка мен дәстүрлі ән күйді қолдану, шулы музыкадан арылып, мағыналы, рухани әуендерді айту.
  1. Сайқымазақ, ұлттық дәстүр-салттарымызға жат ойындар, жасырынбақтар, анайы билерді жүргізбеу, тоқтату.
  2. Қонақтарды ортаға шақырып, ән, күй, би айтқызып, үлкен жасы 80-нен асқан қарияларға жастарға бата бергізу,  отбасы құндылықтарын сақтау, жас жұбайлардың әлеуметтік жауапкершілігін түсіндіруге арнау.
  1. Тойларды ұлттық тәрбие алаңына айналдыру, жастарға өнеге беру, той мәдениетін ұлттық идеологияның бір бөлігі ретінде қарастыру.
  1. Асабалардың білімді болуы, тарихты, шежірені білуі шарт.

Осы Үндеу мен Қаулының орындалуын қадағалау аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімі мен аудандық ардагерлер  кеңесіне тапсырылсын.

Үндеу той мәдениетін қалыптастыру Форумында қабылданды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.