Жақында Алматы қаласында С. Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде «Қауымдастық – алғашқы медициналық-санитариялық көмекті дамытудың қозғаушы күші» атты Халықаралық конгресс өтті. Бұл маңызды ғылыми шара еліміздің және шетелдің медициналық қауымдастық өкілдерін бір алаңда тоғыстырған, тәжірибе мен білім алмасудың беделді форумы ретінде жоғары бағаланды.
Конгресс барысында алғашқы медициналық-санитариялық көмекті жаңғырту, клиникалық практиканы жетілдіру, жаңа тәсілдер мен басқару модельдерін енгізу, денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру мәселелері жан-жақты талқыланды. Форум халықаралық ынтымақтастықты нығайтып, кәсіби қоғамдастықтың өзекті бағыттар бойынша ой-пікір алмасуына мүмкіндік беретін маңызды алаң ретіндегі рөлін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Қордай аудандық денсаулық сақтау саласының мамандары Конгресте үздік кәсіби деңгейін көрсетіп, еңбектерінің лайықты бағасын алды. Марапаттарды Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова табыстады. Бұл — сала мамандарына көрсетілген жоғары сенім мен құрметтің айқын көрінісі.
«Денсаулық сақтау ісінің үздігі» атағы осы күні Бақыт Чанбаеваға, Аян Сумбековаға, Бүркітхан Сейдуәлиевке табыс етілсе, Алғыс хатпен Ақжолтай Күлкибаева мараптталды. Ал, Еңбек министрлігінің Құрмет грамотасына Сайракүл Садабаева ие болды.
Бұл марапаттар — әр маманның кәсіби шеберлігіне, зор жауапкершілігіне және денсаулық сақтау саласын дамыту жолындағы қажырлы еңбегіне берілген әділ баға.