Кейде бар болғаны бір секундтық бейқамдық — үлкен қайғыға әкелуі мүмкін.
Розеткада қалған зарядтағыш, газда ұмыт қалған тамақ, балалардың қолына түскен сіріңке…
Осындай қарапайым жағдайлар талай жанұяның өмірін өзгерткен.
Өрт күтпейді.
Ол ескертпейді.
Бірақ сіз сақ бола аласыз.
Егер түтін иісін сезсеңіз, от көрсеңіз, қауіпті жағдайда қалсаңыз — бірден 101 нөміріне хабарласыңыз.
Бұл — адамның өмірін құтқаратын ең жылдам қадам. Абай болыңыз.
Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз.
101 — өмір сақтайтын нөмір.