Сержанттар құрамы – жауынгерлік даярлықтың күші

0

Гвардейск гарнизонындағы Құрлық әскерлеріне қарасты оқу орталығында Шоқан Уәлиханов атындағы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің сержанттар корпусының құрылған күніне орай іс-шара өтті.

Кадет корпусы Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 1 шілдедегі бастамасымен құрылған болатын. Міне содан бері 25 жылдық тарихы бар әскери оқу орын өзінің жауынгерлік туын биік ұстап келеді. Биыл ол әскери колледж болып өзгертілді.

Әскери колледж – Қазақстан Республикасында сержанттық құрам лауазымына келісімшарт бойынша қызмет ететін, кіші командалық құрамның техникалық және кәсіби білім беру, кәсіби кадрлар бағдарламасы бойынша дайындықты жүзеге асыратын әскери оқу орны.

Айтулы мерекеге байланысты әскери бөлімнің сержанттар құрамы 5 мың метр қашықтыққа жүгірді. Спорттық шара қауіпсіздік ережелері сақтала отырып, талапқа сай өткізілді. Сондай-ақ, әскери бөлім командирі гвардия полковнигі Алмас Доспаев сержанттар құрамын құттықтап, грамоталар және әскери атақпен марапаттады. Салтанатты шараға ардагерлер кеңесінің төрағасы, ауған соғысының ардагері Таласбай Терлікбаев қатысты.

Жауынгерлік даярлықтың басты қағидасы ол дене даярлығы, сол себепті сержанттар құрамы 5 мың метрге жүгіру жаттығуын тапсырды. Сержант күнімен барша сержанттар құрамын шын жүректен құттықтаймын. Отбасыларына амандық, дендеріне саулық, жұмыстарына табыс тілеймін, — деді 3-сыныпты сержант Абылай Сатыбалдиев.

 

Гвардейск гарнизонының

баспасөз қызметі

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.