Қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларын күшейту мақсатында Қордай аудандық полиция бөлімі тұрақты негізде кешенді рейдтік іс-шаралар мен профилактикалық жұмыстар жүргізуде.
Аталған іс-шаралар құқық бұзушылықтардың алдын алуға, олардың жолын кесуге, қылмыстарды ашуға және аудан мен облыс тұрғындарының тыныштығы мен қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған.
Онда қылмыстық іздестіру бөлімшелерімен, учаскелік инспекторлармен, патрульдік полиция қызметкерлерімен және өзге де қызметтермен өзара әрекеттестік негізінде, қажет болған жағдайда қосымша нарядтарды тарта отырып жүзеге асырылады. Рейд барысында профилактикалық есепте тұрған тұлғаларды тексеру, криминогендік аймақтарды бақылау, мекенжайлық аралау, сондай-ақ қоғамдық орындар мен азаматтар көп жиналатын жерлерді қадағалау көзделеді.
Аталған жұмыстар облыстық Полиция департаменті бастығының тапсырмасына сәйкес, қолданыстағы заңнама мен ведомстволық нормативтік актілерге сай ұйымдастырылып, жүзеге асырылады.
Жұмыс жүйелі түрде жүргізіліп, жедел жағдайға тұрақты талдау жасалып отырады. Бұл қоғамдық қауіпсіздікке төнетін қатерлерді дер кезінде анықтауға және олардың алдын алуға, сондай-ақ аудан аумағында құқық қорғау органдары қызметінің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.