Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында үйлесімді, әділетті әрі тұрақты қоғам құрудың негізі ретінде заң мен тәртіптің маңыздылығын атап өтті. Бұл жолдауда қоғамның құқықтық мәдениетін арттыру мен заңды құрметтеу, азаматтардың құқықтарын қорғау негізінде құқық бұзушылықтарды жою қажеттілігіне ерекше көңіл бөлінді. Осыған орай, Үкімет «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын әзірледі, оның басты міндеті құқық бұзушылыққа жедел ден қою, сонымен қатар оған жол бермейтін алдын алу шараларын жүзеге асыру.
Тұжырымдама аясында, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, олардың заңдарды дұрыс білуі мен түсінуі үшін түрлі шаралар ұйымдас-тырылуда. Заң мен тәртіпті сақтау – мемлекеттік құрылымның иелігінде ғана емес, әр азаматтың міндеті. Бұл – құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, қоғам мен мемлекет арасындағы сенімді нығайту.
Осыған орай, «Қордай ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Аудандық мәдениет үйі және тарихи-өлкетану музейі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына қарасты Отар ауылдық мәдениет үйінде «Заң мен тәртіп» бағдарламасы аясында тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдау шарасы өтті. Аталған қабылдауға аудан әкімнің орынбасары Жұлдызбек Бақаев, аудан прокуроры Қайыржан Қуатбеков, аудандық полиция бөлімінің бастығы Бауыржан Үдергенов, жергілікті құқық қорғау органдары мен әр түрлі саладағы бөлім басшылары қатысты.
Азаматтарға қажетті құқықтық көмектер көрсетуді мақсат еткен бұл шара барысында тұрғындардың жеке өтініштері мен сұрақтарына жауап берілді. Тұрғындар өздерін қызықтыратын мәселелер бойынша, құқық қорғау органдары мен мекеме басшыларынан нақты кеңестер алды.
Тұрғындардың арасында зейнетақы және әлеуметтік қамтамасыз ету, жер-құқық сұрақтары, тұрғын үй мен коммуналды шаруашылық мәселелеріне қатысты өтініштер көп болды.
Басшылар тарапынан тұрғындарды толғандыра-тын мәселелердің барынша ашық түрде қаралуы, заңды сақтау мен құқық бұзушылықтың алдын алу — кең ауқымда қоғамды құқықтық ақпараттандыру-дың маңызды құрамдас бөлігі екендігі атап өтілді. Бұл шаралар тұрғындар мен жергілікті билік өкілдері арасында тиімді қарым-қатынасты орнатуға септігін тигізері сөзсіз.
Нағыз өзгеріс, ең алдымен, азаматтардың заңды құрметтеуінен, олар өз құқықтарын біле алуынан, қоғамда заң мен тәртіптің болуы арқылы жүзеге асатыны сөзсіз. Заң мен тәртіп – қоғамның тұрақтылығы мен үйлесімділігінің кепілі болып қала бермек.
Әділет ҚҰТТЫБАЙ