СУ ҚОРЫН ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУ ТУРАЛЫ

0

Құрметті кәсіпкерлер (жер қойнауын пайдаланушы жеке және заңды тұлғалар), Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитетінің Су ресурстарын қорғау және пайдалануды реттеу жөніндегі Шу-Талас бассейндік су инспекциясы Қазақстан Республикасының Су кодексінің 50- бабына сәйкес су объектілерінің су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулерінде шаруашылық және өзге де қызметті жүзеге асыру үшін су қорын қорғау және пайдалану саласындағы уәкілетті органмен тиісті келісімі болған кезде ғана жол берілетінін назарыңызға салады.

Келісімді алу тәртібі Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 20 маусымдағы № 142-НҚ бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады (бұдан әрі – Ереже).

Су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулеріндегі жұмыстардың кез келген түрін келісу Ереженің талаптарына сәйкес реттелетін мемлекеттік қызмет көрсету болып табылады.

Мемлекеттік қызметті алу үшін жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі –қызметті алушы) су объектілерінің жай-күйіне әсер ететін құрылыстарды және басқа да объектілерді орналастыруды, жобалауды, салуды немесе реконструкциялауды, сондай-ақ құрылыс қызметімен, орман өсірумен, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялармен, ұңғымаларды бұрғылаумен, жер үсті су объектілерін санациялаумен, балық шаруашылығымен байланысты жұмыстарды жүргізу шарттарын келісу туралы өтініш береді.

Өтінішті беру қызметті алушының куәландырылған электрондық цифрлық қолтаңбасымен, Ереженің 2-қосымшасына сәйкес www.egov.kz. «Электронды үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырады.

Қызметті алушы төмендегідей құжаттарды ұсынады:

1) өтініш;

2) жер учаскесіне құқық беретін құжат (мемлекеттік қызмет көрсету үшін пайдаланылатын ақпараттық жүйеде немесе цифрлық құжаттама қызметінде деректер болмаған жағдайда, құқық беретін құжаттың электрондық көшірмесі қоса берілуі тиіс);

3) жобалық құжаттаманың электрондық көшірмесі;

4) жер учаскесінің (объектісінің) оның географиялық координаттары мен су объектілерін, сондай-ақ белгіленген су қорғау аймақтары мен белдеулерін (бар болса) масштабтау үшін орналастыру схемасы.

ЕСКЕРТУ!

Су қорғау аймағында және белдеуде қызметті келісімсіз жүзеге асыратын тұлғалар келесі баптар бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін:

ҚР ӘҚБтК-нің 360 бабының 1-бөлігі — жер үсті су объектілерінде, су қорғау аймақтары мен белдеулерінде заңсыз ғимараттар, құрылыстар, басқа да объектілер салу; су объектiлерiнiң шекарасын заңсыз өзгерту, заңсыз тұрғызылып жатқан немесе тұрғызылған құрылысты мәжбүрлеп бұза отырып 120-тен 1500 АЕК-ке дейін айыппұл;

ҚР ӘҚБтК-нің 463 бабының 1-бөлігі — кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысу, сол сияқты тіркеусіз немесе рұқсатсыз іс-әрекеттер (операциялар) жасау, сондай-ақ егер бұл әрекеттерде қылмыстық құқық бұзушылық құрамы болмаса, хабарламау, рұқсат немесе хабарлау міндетті болып табылатын жағдайларда 15 АЕК-тен 150 АЕК-ке дейiн айыппұлдар қарастырылған.

Су объектілерінің маңында жұмыс істейтін кәсіпкерлер (жер қойнауын пайдаланушылар) тез арада келісім (рұқсат) алу үшін Шу-Талас бассейндік су инспекциясына (мекенжайы: Тараз қаласы, Сүлейменов көшесі, 15, тел.: 8 (726)-243-12-40) хабарласуларыңызды сұраймыз!

Өз кезегінде бұл әкімшілік айыппұлдар салуды, нұсқамалар беруді және атқарып отырған қызметін тоқтата тұруды (уақытша келісім алғанға дейін) болдырмауға көмектеседі.

Қосымша ақпарат пен кеңес алу үшін телефон/электрондық пошта арқылы хабарласыңыз: +7 (700) 242-07-18 Ербол, +7 (707) 969-94-28 Жаныбек, эл. пошта: shutalas@minsu.gov.kz.

Leave A Reply

Your email address will not be published.