«ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ – ҚОҒАМҒА ТӨНГЕН ҚАУІП»

0

Аудандық ішкі саясат бөліміне қарасты «Жастар ресурстық орталығы» КММнің ұйымдастыруымен «Заң мен тәртіп» жобасы аясында 1 Д.А.Қонаев атындағы мектепгимназиясының жоғары сынып оқушыларына арналған «Құқық бұзушылық қоғамға төнген қауіп» тақырыбында құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған мазмұнды кездесу өткізілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру, заң талаптарын құрметтеу және қоғамдағы тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі азаматтық жауапкершілікті терең ұғындыру.

Кездесуге Қордай аудандық полиция бөлімі ювеналдық полиция тобының учаскелік полиция инспекторы, полиция майоры С.Башан, аудандық ардагерлер кеңесінің мүшесі Д. Сегізбаев, сондай-ақ «Жастар ресурстық орталығы» КММ директорының орынбасары А. Сейдеходжаева қатысып, құқық бұзушылықтың алдын алу, кәмелетке толмағандардың заң алдындағы жауапкершілігі, қоғамдық тәртіпті сақтау және құқықтық сауаттылықты арттыру мәселелері бойынша баяндамалар жасады.

Шара барысында қатысушыларға заң талаптарын сақтаудың маңыздылығы, саналы мінез-құлық қалыптастыру, теріс әрекеттерден аулақ болу және болашаққа жауапкершілікпен қарау жөнінде тағылымды ойлар айтылды. Іс-шара ашық пікір алмасу форматында өтіп, оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарға нақты өмірлік мәні бар жауаптар алды.

Аталған кездесу жастардың құқықтық мәдениетін нығайтуға, заңға деген құрметті арттыруға және қоғамда тәртіп пен тұрақтылықты сақтауға бағытталған маңызды профилактикалық шара ретінде ұйымдастырылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.