МАҢЫЗДЫ ШЕШІМДЕР ҚАБЫЛДАНДЫ

0

13 шілде күні аудандық мәслихаттың сессиясы өтіп, оған аудан әкімі Рүстем Дәулет қатысты. Сессияға аудандық мәслихат хатшысы Нұрдин Садықов төрағалық етіп, жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, ауылдық округ әкімдері, Қоғамдық кеңес төрайымы және мәслихат депуттары қатысты.

Депутаттар «2021-2023 жылдарға арналған ауылдық округтер бюджеті туралы» 2020 жылдың 25 желтоқсанындағы №80-2 Қордай аудандық мәслихатының шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселені қарады. Аталмыш мәселе бойынша Қордай ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бас маманы Рахат Нұрмаханбетова баяндама жасады. Сессия соңында депутаттар бірқатар шешімдер қабылдады.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.