ҚОРДАЙ АУДАНЫНЫҢ 2025 ЖЫЛҒЫ ҚАҢТАР-ЖЕЛТОҚСАН АЙЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ

0

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ. Қордай ауданында ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен негізінен шаруа қожалықтары мен жұртшылық шаруашылықтары айналысады. Есепті мерзім ішінде төрт түліктің барлық түрлерінің өнімдерін қоса есептегенде 10722,8 тонна ет (сойыс салмақта), 47648,5 тонна сүт, 19380,8 мың дана жұмыртқа алынып, өткен жылғы сәйкес кезеңдегімен салыстырғанда 287,7 тонна ет, 540 тонна сүт артық, 128 мың дана жұмыртқа кем өндірілді.

БӨЛШЕК САУДА. Есепті мерзім ішінде ауданда бөлшек сауданың көлемі 47546261 мың теңгені құрап, оның ішінде азық-түлік тауарлары 11743350 мың теңгеге, азық-түлік емес тауарлары 35802911 мың теңгеге сатылды.

ӨНЕРКӘСІП ӨНДІРІСІ. Аудан бойынша қаңтар-желтоқсан айларында өнеркәсіп кәсіпорындарымен (шағын кәсіпорындар, қосалқы өндіріс және үй шаруашылықтарын қосқанда) 46763159 мың теңгенің өнеркәсіп өнімдері өндірілді. Өнеркәсіптік өндірістің индексі 2024 жылғы сәйкес кезеңге 101,5% құрады.

ИНВЕСТИЦИЯ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС. Аудан бойынша қаңтар-желтоқсан айларында негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі 45573288 мың теңгені, ал орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 49358712 мың теңгені құрады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.