Кордай ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі «Қордай Су» КМК өз абоненттерінің назарына төмендегіні жеткізеді:
Ауызсу қызметіне арналған тариф көтерілмейді. Алайда, Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексінің 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілуіне байланысты қосылған құн салығының (ҚҚС) мөлшерлемесі 16% болып белгіленді және ол барлық салық салынатын айналымдарға, соның ішінде бұрын жасалған шарттарға да қолданылады.Осыған байланысты, 2026 жылғы 30 қаңтардан бастап (яғни, 2026 жылдың қаңтар айы үшін есептелген төлемдерде) және одан кейінгі кезеңдерде түбіртектерде көрсетілген есептелген сомаларға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз.
Жеке және заңды тұлғалар үшін тариф өзгеріссіз қалады.