Әлемде мейірімді жандар аз емес — кейде олар үнсіз көмектесіп, кейде бір ауыз жылы сөзбен үміт сыйлайды. Қарапайым өмір сәттерінің өзінен адамгершілік пен жанашырлықтың шынайы көрінісі байқалады.
Осы құндылықтарды айқындау мақсатында «Жастар ресурстық орталығы» КММ қызметкерлерінің ұйымдастыруымен қоғамдағы зорлық-зомбылыққа деген көзқарасты анықтауға бағытталған әлеуметтік эксперимент өткізілді. Эксперимент барысында азаматтардың түрлі өмірлік жағдайларға реакциясы арқылы олардың мейірімі, жауапкершілігі мен адам тағдырына бейжай қарамайтыны анық байқалды.
Аталған бастама қоғамда зорлық-зомбылықтың кез келген түріне төзбеушілік қалыптастыруға, өзара құрмет пен қолдау мәдениетін нығайтуға бағытталды. Әлеуметтік эксперимент нәтижелері адамдардың жүрегінде мейірім мен ізгілік құндылықтары әлі де жоғары екенін көрсетті.
Мұндай әлеуметтік жобалар қоғамда адамгершілік қағидаттарын дәріптеп, азаматтық белсенділікті арттыруға, сондай-ақ бейбіт әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға өз үлесін қосады. Келеңсіз жағдайға бейжай қарамайық. Әрқайсымыздың бір сәттік жанашырлығымыз бен жауапты әрекетіміз бір адамның тағдырын өзгертіп, қоғамды мейірім мен сенімге толы ортаға айналдыра алады.