Іс-шара барысында Қарасу ауылдық округінің әкімі Ж. Әлхан сөз сөйлеп, Конституцияға енгізілетін өзгерістердің маңыздылығына тоқталды. Ол аталған реформалар елдегі саяси жүйені жаңғыртуға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын нығайтуға және мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруға бағытталғанын атап өтті.
Сонымен қатар, ауылдық округтегі Ақсақалдар кеңесінің төрағасы С. Қиялов та өз пікірін білдіріп, ел болашағы үшін мұндай ауқымды өзгерістердің мәні зор екенін жеткізді. Кездесу барысында қатысушылар өз ойларын ортаға салып, ұсыныс-пікірлерімен бөлісті.