Қарасу ауылдық мәдениет үйінде ауыл тұрғындарымен Қазақстан Республикасындағы конституциялық реформалар жобасын талқылауға арналған кездесу өтті.

0

 

Жиын барысында Қарасу ауылының әкімі Жанияз Әлхан сөз сөйлеп, ұсынылып отырған өзгерістердің ел дамуы үшін маңыздылығына тоқталды. Ол реформалардың басты мақсаты – мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру, заң үстемдігін күшейту және азаматтардың құқықтарын қорғау тетіктерін нығайту екенін атап өтті.

Сонымен қатар, «AMANAT» партиясының «Қарасу» бастауыш партия ұйымының төрағасы Борисевич Елена Юрьевна да өз пікірін білдіріп, конституциялық жаңғырудың қоғам өміріндегі рөліне тоқталды.

Кездесу барысында ауыл тұрғындары өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікірлерімен бөлісті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.