Іс-шараға Бетқайнар ауылдық округінің әкімі Бауыржан Құттықов және колледж директоры Гүлнар Еділбаева қатысты.
Кездесу барысында қатысушыларға конституциялық реформалардың мәні мен маңыздылығы түсіндірілді.
Кездесуге колледж ұжымы мен студенттер белсенді түрде қатысып, өз сұрақтарын қойып, ұсыныстарымен бөлісті.
Қатысушылар жаңа конституциялық жобаның қоғам өміріндегі рөлі мен оның ел дамуына ықпалын талқылады.