Басқосудың басты мақсаты – ел көлемінде ұсынылып отырған өзгерістердің мән-маңызын халыққа кеңінен жеткізу болды.
Кездесу барысында Степной ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы И. Шуйшибекова сөз алып, алдағы конституциялық жаңашылдықтардың ел дамуына ықпалына тоқталды. Ол бұл реформалар мемлекеттік басқаруды жетілдіруге, заңның үстемдігін нығайтуға және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтуге бағытталғанын атап өтті.
Жиынға қатысқан ауылдық Билер кеңесінің төрағасы А. Рысымбетов пен Ардагерлер ұйымының төрағасы А. Ибрагимов те өз ойларын ортаға салды. Олар конституциялық өзгерістердің қоғам тұрақтылығы мен болашақ дамуы үшін маңызды қадам екенін айтты.
Іс-шара еркін пікір алмасу форматында ұйымдастырылып, тұрғындар өздерін толғандырған сауалдарын қойды.