Қалғұты ауылында Конституцияның жаңа жобасы талқыланды

0

 

Ауыл тұрғындарымен мазмұнды кездесу өтіп, ұсынылып отырған конституциялық өзгерістердің мәні мен маңызы түсіндірілді. Жаңашылдықтардың мемлекеттік басқаруды жетілдіруге, заң үстемдігін нығайтуға және азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейтуге бағытталғаны айтылды.

Жиын барысында ауыл ақсақалдары мен қоғам өкілдері пікір білдіріп, реформалардың ел болашағы үшін маңызды екенін атап өтті. Кездесу еркін форматта өтіп, тұрғындар көкейдегі сұрақтарына жауап алды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.