Іс-шараға мектеп ұжымы мен ауыл тұрғындары қатысты.
Жиында Қақпатас ауылдық округінің әкімі Ғ. Сейдуалы сөз сөйлеп, конституциялық реформалардың негізгі бағыттарына тоқталды. Ол ұсынылып отырған өзгерістердің мемлекеттік басқаруды жетілдіруге, заң үстемдігін нығайтуға және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтуге бағытталғанын атап өтті.
Сондай-ақ, кездесуде Аналар кеңесінің төрайымы Алмежанова Мырзакүл Сұлтанқызы және Ш. Уәлиханов атындағы орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Алиев Жадырасын Мыңбайұлы өз пікірлерін білдірді. Олар аталған өзгерістердің қоғам тұрақтылығы мен жас ұрпақтың болашағы үшін маңыздылығын атап өтті.