Қордай ауылындағы Ахмет Байтұрсынов атындағы №51 орта мектебінде мектеп ұжымымен Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіру және талқылау мақсатында кездесу өтті.
Іс-шараның басты мақсаты – педагогтар қауымына конституциялық реформалардың мазмұнын кеңінен таныстырып, оның қоғам дамуына тигізетін ықпалын түсіндіру болды.
Кездесуге ауыл әкімі Ә. Қаспақбаев, аудандық ардагерлер кеңесінің өкілі Б. Әлімбет және Қоғамдық кеңес төрағасы Н. Молдабеков қатысып, өз пікірлерін білдірді. Олар Ата заңға енгізілген өзгерістердің елдегі әділеттілік қағидаттарын нығайтуға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтуге бағытталғанын атап өтті. Сондай-ақ, қоғамдағы тұрақтылық пен бірлікті сақтау әр азаматтың жауапкершілігі екені айтылды.
Жиын барысында мектеп ұжымы көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, ашық пікір алмасу жүргізді.