КӨКЖӨТЕЛДІҢ АЛДЫН АЛУ ЖОЛДАРЫ

0

Көкжөтел – тыныс жолдарының жұқпалы ауруы, әсіресе балалар үшін қауіпті. Ауру жөтел ұстамаларымен, дем алудың қиындауымен және жалпы әлсіздікпен өтеді. Көкжөтелден қорғаудың ең тиімді тәсілі – дер кезінде вакцина алу және санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтау.

Көкжөтелдің алдын алудағы негізгі әдіс – екпе. Қазақстанның ұлттық күнтізбесінде бұл вакцина «КОКАВ, АКДС немесе ИПВ/АКДС» құрамында болады. 2 ай, 3 ай, 4 ай, 18 ай – негізгі дозалар 6 жаста ревакцинация.

Уақытында вакцина алған балада ауру жеңіл өтеді немесе мүлдем кездеспейді. Гигиеналық талаптарды сақтау. Қолды сабынмен жиі жуу. Адам көп жиналатын орындарда маска тағу. Тұмау немесе жөтелмен жүрген адамдардан алшақ болу. Иммунитетті күшейту. Дұрыс тамақтану: көкөніс, жеміс-жидек, ақуызды тағамдар. Ұйқыны қалыпқа келтіру (күніне 7–8 сағат).Серуендеу, таза ауада жүру. Микроклиматты сақтау: бөлмені жиі желдету, ауаны ылғалдандыру. Ерте белгілерін білу. Көкжөтелдің бастапқы белгілері қарапайым тұмауға ұқсайды: жеңіл жөтел, мұрын бітелу дене қызуының аздап көтерілуі. Бірақ 1–2 аптадан кейін қатты, ұстама тәрізді жөтел пайда болады. Мұндай жағдайда дереу дәрігерге қаралу қажет. Көкжөтелдің алдын алудың негізгі жолы – уақытылы вакцинация, гигиена сақтау, иммунитетті күшейту және ауру белгілері байқалғанда дер кезінде дәрігерге қаралу. Алдын алу шараларын дұрыс орындау арқылы бұл қауіпті аурудан өзіңізді және балаңызды қорғауға болады.

Неили МУЛИКОВА, Жамбыл облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау депатраментінің басшысының орынбасары

Leave A Reply

Your email address will not be published.