🌿 Ауқатты ауылында Наурыз мерекесі ерекше сән-салтанатпен аталып өтті
Ауқатты ауылында Ұлыстың ұлы күні – әз-Наурыз мерекесі жоғары деңгейде ұйымдастырылып, ауыл тұрғындары мен қонақтарға ерекше көңіл-күй сыйлады. Мерекелік шара барысында ұлттық дәстүрлер дәріптеліп, қазақ халқының бай мәдени мұрасы кеңінен насихатталды.
Алаңда ақ киіз үйлер тігіліп, этноауыл көрінісі жасақталды. Келушілерге ұлттық тағамдар ұсынылып, салт-дәстүрлерден көріністер көрсетілді. Сонымен қатар, өнерпаздар ән мен күйден шашу шашып, көпшілікке мерекелік рух сыйлады.
Шара аясында ұлттық ойындар ұйымдастырылып, жастар мен ересектер белсенді қатысып, өзара бақ сынасты. Бұл мереке ауыл тұрғындарының бірлігін нығайтып, береке мен татулықтың жарқын көрінісіне айналды.