Турнирдің негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спортты дамыту, сондай-ақ діни экстремизмнің алдын алу және жастардың бойында отансүйгіштік құндылықтарды қалыптастыру.
Жарыс барысында Молдасейт спорт клубының жас спортшылары тартысты ойын өрнегін көрсетіп, өзара бақ сынасты. Нәтижесінде жүлделі I, II және III орындарды иеленген командалар дипломдармен, медальдармен және арнайы сыйлықтармен марапатталды.
Спорт – денсаулық кепілі, ал салауатты ұрпақ – ел болашағы!
Шынықсаң – шымыр боласың!