23 наурыз – Тазару күні 🌿
Наурыз мерекесінің мән-мағынасы тек думан мен шаттықта ғана емес, табиғатпен үндесіп, айналаны жаңғыртуда жатыр. Тазару күні – осы игі дәстүрдің жарқын көрінісі.
Бұл күні әрбір азамат өз ауласын, көшесін, қоғамдық орындарды тазалап, туған жерінің көркеюіне үлес қосады. Тазалық – мәдениеттің, жауапкершіліктің және елге деген жанашырлықтың белгісі.
Ортақ үйіміз – туған өлкеміздің таза әрі көрікті болуы әрқайсымызға байланысты. Сондықтан баршаңызды сенбілікке белсенді қатысып, табиғатты аялауға шақырамыз.
Таза орта – жарқын болашақтың кепілі! 🌱✨
23 наурыз – Тазару күні
Next Post