Биыл ауданда 3 мектептің құрылысының арқасында (Масаншы ауылы — 600 орын, Күнбатыс-2 ауылы — 150 орын, Қалғұты ауылы — 180 орын) апатты мектептер мәселесі шешілмек. Сондай-ақ, қазіргі таңда Арал ауылындағы 180 орындық жаңа мектеп құрылысы басталды. «Ауыл — ел бесігі» бағдарламасы аясында Қарасу, Қарасай, Сарыбұлақ ауылдарында спорттық-сауықтыру кешендері бой көтереді. Ал, «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында Гвардейский қалашығында тағы бір спорттық-сауықтыру кешенін салу жұмыстары жүргізілуде.