ҚЫЗУ ЕҢБЕК ҚЫРДАН АСТЫ

0

Аудан әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі мамандарының берген мәліметіне сәйкес, бүгінгі күнге аудан бойынша 48850 гектар дәнді-дақыл ораққа түсіп, қамбаларға 59112 тонна астық жиналған.

Ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуының басты бағыттарының бірі аграрлық сала екені белгілі. Ендеше, бұл іске айтарлықтай үлес қосып отырған қордайлық диқандар биылғы жылы мол өнімнен үмітті. Айта кетсек, үстіміздегі жылы аудан бойынша 23000 гектар алқапқа күздік бидай, 43700 гектарға арпа себілген. Қазіргі таңда ауа райының қолайсыздығына қарамастан қажетті техникамен қамданған диқандар астықты шашау шығармай жинау жұмыстарына бел шешіне кіріскен. Орташа өнімділік гектарынан он екі центнерді құрап отыр. Осы орайда шаруалардың егіс алқаптарын әртараптандыру мәселесін назардан тыс қалдырмай картоп, дәндік жүгері, бақша және азықтық дақылдардың көлемін ұлғайтқанын да айта кеткен жөн.

Мұнымен қатар, аудан бойынша қысқы мал азығын дайындау жұмыстары да қарқынды жүзеге асуда. Бүгінде шаруалар жоспарланған 267200 тонна шөптің орнына 267400 тонна жинап, жоспарды толығымен орындаса, 15000 тонна пішендеме дайындап үлгерген. Соңғы мәліметтерге сай, қазіргі таңда ауданымызда 87829 бас мүйізді ірі қара, 431733 бас қой-ешкі, 17685 бас жылқы тіркелген.

Жекелеген шаруашылықтар мал қыстату науқанын ойдағыдай өткізіп, мал басын арттыруды көздейді. Алдағы уақытта бірқатар агроқұрылымдар сүрлем бастыру жұмыстарына да кірісетінін айта кеткен артық болмас. Ауданда бұл істі бірінші болып «Благовещенка» ЖШС, «Нұр-Ал» ЖШС, «Қақпатас-Қордай» ЖШС

қолға алмақ.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.