Бүгінде ауыл кәсіпкерлігін дамыту халықтың әл-ауқатын арттырудың негізгі тетіктерінің біріне айналып отыр.

0

Бүгінде ауыл кәсіпкерлігін дамыту халықтың әл-ауқатын арттырудың негізгі тетіктерінің біріне айналып отыр. Мемлекеттік қолдау бағдарламалары ауыл тұрғындарына өз ісін бастауға нақты мүмкіндік беруде. Соның ішінде Ауыл аманаты бағдарламасы ауылдағы шағын бизнесті дамытуда ерекше рөл атқарып келеді, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Жеңілдетілген несиелердің арқасында ауыл тұрғындары төмен пайызбен қаржы алып, кәсіп ашуға мүмкіндік иеленуде. Бұл ауылдағы іскерлік белсенділікті арттырып қана қоймай, жаңа жұмыс орындарының ашылуына және жергілікті өнім көлемінің өсуіне ықпал етеді.

Осы мүмкіндікті тиімді пайдаланғандардың бірі – Шу ауданындағы көпбалалы ана, педагог Айгерім Махамадиева. Ол 2024–2025 жылдары 2,5 пайыздық несие алып, жылыжай шаруашылығын қолға алды. Нәтижесінде қияр өсіру ісін жолға қойды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.