Жамбыл облысында ауылдық жерлердегі білім сапасын арттыруға бағытталған «QH “Ауыл мектебі: тең мүмкіндік – Жамбыл облысы”» жобасы жүзеге асырылуда. Жобаны іске асыру барысы «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының Қамқоршылық кеңесінің отырысында айтылды, деп хабарлайды baq-orda.kz.
Жоба Қазақстан Республикасының Президенті берген білім сапасындағы теңсіздікті азайту жөніндегі тапсырмасын орындау аясында іске асырылып жатыр.
Биыл қордың қолдауымен өңірде аталған кешенді жобаны жүзеге асыру басталды. Жоба 80 ауыл мектебін қамтиды. Ауыл оқушылары үшін заманауи оқу жағдайларын жасау – тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету мен өңірдегі білім сапасын арттырудың маңызды қадамы.
Бұл бастама білім беру ортасын дамыту және сапалы білімге қолжетімділікті арттыруда маңызды рөл атқарады.
Өңірде барлығы 449 мемлекеттік мектеп бар, оның 76 пайызы ауылдық жерлерде орналасқан. Осыған байланысты инфрақұрылымды жаңғырту мен сапалы білім алуға жағдай жасауға ерекше көңіл бөлінуде.