Бүгін Таяу Шығыс өңірінде әуе кеңістігінің жабылуына байланысты биылғы ақпан айында эвакуациялық іс-шаралар ұйымдастыруға және өткізуге елеулі үлес қосқан авиация саласының өкілдерін марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды baq-orda.kz.
Марапаттарға мемлекеттік органдар мен ұйымдар қызметкерлері, әуе компаниялары мен әуежайлар мамандары, ұшу экипаждарының мүшелері, жерүсті қызметтерінің мамандары және саланың басқа да өкілдері ұсынылды.
Мемлекеттік наградаларды Мемлекет басшысының атынан Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр табыс етті.
«Барлық жұмыстың нақты әрі үйлесімді ұйымдастырылғанын атап өткім келеді. Бұл лайықты ордендер, медальдар және Президенттің алғысы сіздер үшін алдағы кәсіби өсуге, бар дағдыларды жетілдіруге және жаңа білім мен қабілеттерді меңгеруге қосымша серпін береді деп сенемін. Бұл сіздерге алдағы уақытта да Отанымыздың өркендеуі жолында жемісті еңбек етуге мүмкіндік береді», — деді Роман Скляр.