ЕУРОПАЛЫҚ ИММУНДАУ АПТАЛЫҒЫ

0

Сәуір айының 24-30 аралығында ауданда «Вакциналар барлық ұрпаққа жұмыс жасайды» ұранымен Еуропалық иммундау апталығы өтеді. Еуропалық иммундау апталығы – жұқпалы аурулардың алдын алу және халықтың вакцинацияға деген сенімін арттыру мақсатында өткізілетін маңызды ақпараттық-насихаттық іс-шара. Аталған апталық жыл сайын ұйымдастырылып, иммундаудың маңыздылығын кеңінен түсіндіруге бағытталады. Иммундау – қоғамдық денсаулықты сақтаудың негізгі құралдарының бірі болып табылады. Вакцинациялау арқылы қызылша, қызамық, дифтерия, көкжөтел және полиомиелит сияқты қауіпті жұқпалы аурулардың таралуының алдын алуға мүмкіндік бар. Апталық аясында медициналық ұйымдарда тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, вакцинацияның тиімділігі мен қауіпсіздігі туралы ғылыми негізделген ақпарат ұсынылады. Сонымен қатар, екпе алу мәселелері бойынша кеңестер беріліп, халықтың қамтылу деңгейін арттыруға бағытталған іс-шаралар өткізіледі.

Еуропалық иммундау апталығын өткізу халық денсаулығын нығайтуға, жұқпалы аурулардың алдын алуға және салауатты қоғам қалыптастыруға ықпал етеді.

Л.ЧАЛТИКЕНОВА, Қордай аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының эпидемиологиялық бақылау бөлімінің бас маманы

Leave A Reply

Your email address will not be published.