Қордай ауданы әкімдігінің «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар» бөлімі КММ «Аяла» отбасын қолдау орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесі ауданымызда жұмыс атқарады.
ОТБАСЫН ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ:
1) мемлекеттік отбасы саясатының шараларын, оның ішінде некені және отбасыны сақтау, отбасылық жанжалдарды шешу жөніндегі шараларды іске асыру;
2) өмірде қиын жағдайға тап болған адамдарды (отбасыларды) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардың қолдауымен, оның ішінде интеграцияланған модель арқылы қолдаумен қамтуы жөніндегі жұмысты үйлестіру;
3) өмірде қиын жағдайға тап болған адамдарға (отбасыларға) әлеуметтік, заңдық және психологиялық қолдау көрсетуге жәрдемдесу;
4) мемлекеттік отбасы саясатының бағыттары мен шаралары туралы ақпараттық-түсіндіру жұмысы;
5) жергілікті атқарушы органдармен, ұйымдармен, волонтерлермен, консультативтік-кеңесші органдармен мемлекеттік отбасы саясатын іске асыру, тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау қызметтерін жүзеге асырады.
Туындаған сұрақтар бойынша келесідей мекенжайға жолығуға болады: Қордай ауылы, Төле би көшесі №53 (8 кабинет). Байланыс телефоны : 4-94-14.