2026 жылғы 25 сәуірде Жамбыл облысы, Талас ауданында «Қызғалдақ мұра» халықаралық фестивалі өтеді. Бұл іс-шара Жамбыл облысының Грейг қызғалдағының отаны ретінде әлемдік қауымдастыққа танытуға және өңірдегі биоалуантүрлілікті сақтау стратегиясын жүзеге асыруға бағытталған, деп хабарлайды baq-orda.kz.
Фестивальдің мақсаты – өңірдің туристік әлеуетін таныту, табиғи қызғалдақ ландшафттарын сақтау және оны өңір бренді ретінде дамыту. Іс-шараға отандық және шетелдік сарапшылар, ғалымдар, халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысады.
Фестиваль барысында табиғи таза қымыздың дәмін татып, оның дайындалу әдістерімен танысу мақсатында «Қымызмұрындық» рәсімі, қолөнер көрмесі мен сауда жәрмеңкесі, түрлі ұлттық ойындар,концерттік бағдарламалар ұйымдастырылады.