Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте көктемгі егіс науқанына дайындық мәселесі қаралды, деп хабарлайды baq-orda.kz.

0

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте көктемгі егіс науқанына дайындық мәселесі қаралды, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Әбдірәсіл Желеубаевтың айтуынша, 2026 жылы егіс көлемі өткен жылмен салыстырғанда 25,5 мың гектарға ұлғайып, 665,4 мың гектарды құрайды.

Өңірдегі 71 каналға жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты су көп қажет ететін көкөніс-бақша дақылдарының алқабы қысқартылады.

Биыл қайта өңдеу кәсіпорындарын шикізатпен қамтамасыз етуге басымдық беріледі. Осыған орай дәндік жүгері алқабы 11,8 мың гектарға ұлғайып, 30 мың гектарға жетеді. Нәтижесінде өнім көлемі 109 мың тоннадан 210 мың тоннаға дейін артады деп күтілуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.