Жамбыл облысы инвестиция, өнеркәсіп және құрылыс бағыттары бойынша тұрақты өсім көрсетіп, 2026 жылдың I тоқсанында ел экономикасының негізгі драйверлерінің біріне айналып отыр.

0

Жамбыл облысы инвестиция, өнеркәсіп және құрылыс бағыттары бойынша тұрақты өсім көрсетіп, 2026 жылдың I тоқсанында ел экономикасының негізгі драйверлерінің біріне айналып отыр.
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында 2026 жылғы қаңтар-наурыз айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы мен республикалық бюджеттің атқарылу барысы қаралды.
Онда қаржы министрі Мәди Такиев, энергетика министрі Ерлан Ақкенженов, өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев, ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин, Ұлттық банк төрағасының бірінші орынбасары Ерұлан Жамаубаев, сондай-ақ Атырау және Ақмола облыстарының әкімдері баяндама жасады. Өз кезегінде ұлттық экономика вице-министрі ағымдағы жағдай туралы айтып берді.
«Биылғы 1 тоқсанның қорытындысы бойынша жалпы ішкі өнімнің нақты өсуі 3%-ды құрады. Осы жылдың ерекшелігі – қалыптасқан жағдайға байланысты экономика мұнай саласын есепке алмай-ақ өсуде. Нақты сектордағы өсу 2,1%-ды, көрсетілетін қызметтер өндірісі 3,7%-ды құрады. Салалар арасында құрылыс, көлік қызметтері және өңдеу өнеркәсібі ең жоғары өсім көрсетті. Сауда 4,8%-ға, байланыс қызметтері 3,9%-ға, ауыл шаруашылығы 3,4%-ға өсті», — деді

Leave A Reply

Your email address will not be published.